ӨзА Қазақ

30.05.2019 17:47 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда мақта көсегін теруші көлік шығарылады

Өзбекстанда мақта көсегін теруші көлік шығарылады

Мақта көсегін теруші көлікті көруге қызыққан кез-елген кісі Ташкент ауыл шаруашылық техника зауытының көрме залына барып көруіне болады. Көріп қана қоймай жұмыс істеу принцптерімен толықтай таныса аласыз.

Такенттегі Ұлттық баспасөз орталығы ғғимаратында «Узагротехсаноатхолдинг» АҚ серіктестігінде 2018 жылда жүзеге асырылған жұмыстар жайында «Халықаралық көрмелерде тәжірибе, сондай-ақ олардың қоғамға қатысы, қол жеткізілген нәтижелер мен белгіленген міндеттер» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Іс-шара барысында мамандар тарапынан Өзбекстан өкілдерінің Түркияның соның ішінде Конья, Ресейдің Мәскеу, Германияның түрлі қалаларында өткен және Беларусияның Минск қаласында өтетін халықаралық көрмелерге дайындық туралы мәліметтер айтылды.

2018 жыл ішінде «Узагротехсаноатхолдинг» АҚ тарапынан 11 мың 570 дана ауыл шаруашылық техникалары жасалып, ішкі және сыртқы наққа жеткізілді.

-2018 жыл Сырдария облысында мақта теретін машиналар егінді жиып алған. Бұл машиналарды 2019-2021 жылдардағы егінді жиым-терім жұмыстарында Жыззақ, Самарқанд, Науаиы, Бухара облыстарынада тартуды жоспарлап отырмыз, -дейді АҚ басшысы Хасанбай Насибов.

Жоғарыда айтылғандай, осы кезге дейін АҚШ және Өзбекстанда мақта теретін көліктер жасап шығарылған болса, 2018 жылдан тек Өзбекстанда ғана мақта көсегін теретін көлік жасау жолға қойылды. 2020 жылдан бастап көрші елдерге, 2021-2023 жылдары оны тағыда дамытып Европа елдеріне экспорт жасау жоспарланған.


13 864