ӨзА Қазақ

19.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда мұнай-газ өндірісі азайып, бензин өндірісі артты

Өзбекстанда мұнай-газ өндірісі азайып, бензин өндірісі артты

Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, 2020 жылғы қаңтар-ақпан айлары аралығында республикада автокөлік жанармай өндіріс көлемі 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай дәрежеде өскен.

2019 жылдың дәл осы кезеңінде 151,6 мың тонна бензин өндірілген болса, 2020 жылы 190,3 мың тоннаға өскен. Дизель жанармайы 169,8 мың тоннадан 195,9 мың тоннаға жеткен.

Статистика комитетінің берген мәліметіне сай өткен жылға қарағанда мұнай өндірісі биылғы кезеңде біршама азайғанын байқауға болады. Өйткені 2019 жылда 115,5 мың тонна мұнай өндірілген. Ал 2020 жылда бұл 111,3 мыңға төмендеген.

Табиғи газ өндірісіде азайған. 2019 жылда 10,1 млрд куб метр. 2020 жылда 9,1 млрд куб метр газ өндірілген.

4 303
ӨзА