ӨзА Қазақ

25.09.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда газ есептегіштер толықтай автоматтандырылған жүйеге ауыстырылады

Өзбекстанда газ есептегіштер толықтай автоматтандырылған жүйеге ауыстырылады
Өзбекстанда 2021 жылдың 1 тамызына дейін ел аумағындағы газ есептегіштер толықтай автоматтандырылған жүйеге ауыстырылады.

«Табиғи газды бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу» жобасын іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы Президент жарлығы қабылданды.

Қаулға сай табиғи газды бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жобасын «Худудгазтаминот» АҚ жүзеге асыратын болып, тендер нәтижесіне байланысты электронды газ есептегіштері мен қажетті жабдықты «Технопарк» ЖШС жеткізуге келісімшарт жасалған.

Атаулы жобаны 2021 жылдың 1 тамызына дейін жүзеге асыру үшін Қайта құру және даму қорынан 4 жыл мерзімде қайтару шартымен (6 айлық LIBOR + 3%) 150 миллион доллар несие тартылады.

Бұдан бөлек «Sanoatqurilishbank» Италияның SACE экспорттық-несиелік мемлекеттік агенттігінің сақтандыру кепілдігі шеңберінде шетелдік коммерциялық банктерден 27,5 миллион доллар несие тартады, ол Италиядан электронды газ есептегіштерін құрастыруға арналған қосалқы бөлшектер сатып алуға жұмсалады. Жобаның жергілікті шығындарын жабу үшін республикалық қорлар мен жергілікті коммерциялық банктердің қаражаттары және қажет болған жағдайда шетелдік қаржы институттарының несиелері қолданылады.

5 037
ӨзА