ӨзА Қазақ

14.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда еңбек ақы, зейнетақы мен жәрдемақы ақшалай берілетін болды

Өзбекстанда еңбек ақы, зейнетақы мен жәрдемақы ақшалай берілетін болды

Жер шарындағы адамзат баласына қауіп төндірген коронавирус инфекцясы ақша арқылыда жұғу қаупі бар екендігі жөніндегі ақпараттан кейін Өзбекстанда нақтылай ақша мен қарым-қатнасты шектеу мәселесі қаралып, еңбек ақы, зейнетақы мен жәрдемақы сынды төлемдер пластик карталары арқылы берілетін болып тұрған еді.

Бірақ кешегі Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен елдегі карантинге қойылатын талаптарды одан әрі жеңілдету, халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысын арттыру шаралары туралы бейнеконференциялы жиынында бұл жағдай шешім тапқаны жайлы айтылып, еңбек ақы, зейнетақы, жәрдемақылар карантиндік талаптар негізінде нақтылай таратылатын болды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының бастамасымен пандемия жағдайында бұған дейінгі кәсіпкерлер мен халықты қолдау сынды жеңілдіктер жалғасатын болып, мамыр-шілде айларында шағын бизнес пен шаруа қожалықтары үшін әлеуметтік салық ставкасы 12 пайыздан 1 пайызға дейін төмендетіді. Нәтижесінде 260 000-нан астам кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары 650 млрд сум көлемінде ақша үнемдеп оларды негізгі және айналым капиталы ретінде пайдалануға мүмкіндік алды.

5 341
ӨзА