ӨзА Қазақ

19.08.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда автокөліктер бағасы 19 миллионға дейін арзандауы мүмкін

Өзбекстанда автокөліктер бағасы 19 миллионға дейін арзандауы мүмкін

Өзбекстандағы автокөлік өндірісіндегі жетекші «UzAuto Motors» компаниясының көліктері 3 млн сумнан 19 миллионға дейін арзандауы мүмкін.

Парламент депутаты Дониёр Ғаниевтың "телеграм" арнасындағы жазбада, Монополияға қарсы комитет «UzAuto Motors» компаниясының «Бәсекелестік туралы» заңды бұзу фактілерін анықтаған болып, онда компания 3 млн сумнан 19 миллионға дейін бағаны негізсіз өсіргені белгілі болған.

Осы жағдайға орай комиссия «UzAuto Motors» компаниясына бүгіннен бастап бағаны негізсіз өсірген бөлігін алып тастауды және автомобильдерді төмендетілген бағамен сатуды тапсырды. Бұдан бөлек наурыз айынан бастап автомобиль сатып алған клиенттермен, яғни негізсіз асырылған бағамен сатылған автокөлік бағасы қайта есептелетін болды.

«Комиссияның шешімі міндетті екені белгілі. Бірақ автокөлік компаниясы комиссия шешіміне келіспейтін жағдайда, сотқа шағымдана алады және процесс жалғасады», - делінген хабарда.

5 006
ӨзА