ӨзА Қазақ

22.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда автокөлік өндіріс артты

Өзбекстанда автокөлік өндіріс артты

Мемлекеттік статистика комитетінің ақпаратына сай, қаңтар мен қыркүйек айлары аралығындағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың өнімдерінің кейбір түрлерін өндіру көлемінің артқаны туралы хабарлады.

Нақтылай айтқанда, автокөлік өндірісі 40,4 пайызға өскен. 2018 жылдың дәл осы кезеңінде 132,774 автомобиль шыққан болса, ал 2019 жылы - 186,432 мың автокөлік жасап шығарылған.

Жүк автомобильдерінің өндірісі 33,2 пайызға артқан. 2018 жылда 3 024 болса, 2019 жылы 4 028-ді құрады.

Автомобиль қозғалтқыштарының өндірісі 44,7 пайызға өскен. 2018 жылы 96 904 дана қозғалтқыш шықса, биыл 2019 жылы 140 201 қозғалтқыш шығарылған.

2019 жылда тракторлар өндірісі едәуір азайған. Қаңтар-қыркүйек айлары аралығында тракторлар өндірісі 1099 дана болған. Ал бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда салыстырғанда 59,1 пайызға аз.

10 446
ӨзА