ӨзА Қазақ

17.05.2019 10:01 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда автокөлік істеп шығару көлемі артты

Өзбекстанда автокөлік істеп шығару көлемі артты

Өзбекстан 2019 жылдың қаңтар мен сәуір айлары аралығында 79,61 мыңнан астам автомобильдер жасап шығарды, бұл көрсеткіш 2018 жыл кезеңімен салыстырғанда 49,6 пайызға көбейген.

Өзбекстан мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, есептік кезеңде жүк автомобильдерін өндіру көлемі 2 есе артып, 1719 данаға жеткен.

2019 жылдың қаңтар-сәуір айлар аралығында 593 дана автобустар жасап шығарған, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға көп көрсеткіш дегені.

Автокөліктердің қозғалтқыштарын жасау бойынша 2018 жылмен салыстырғанда өсу көрсеткіші 56,4 пайызға жеткен.

Таркторлар жасау бойынша 2019 жылдың қаңтар-сәуір айлар аралығында 164 трактор жасалған. Ал 2018 жылмен салыстырғандағы көрсеткіш 79,7 пайызға азайған.

ӨзА
14 159