ӨзА Қазақ

02.07.2019 11:03 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда АЭС құрылысының екінші кезеңі басталды

Өзбекстанда АЭС құрылысының екінші кезеңі басталды

Хабарыңыз бар өткен ай басында Өзбекстанда құрылатын атом электр станциясы Жыззақ облысында құрылуы белгіленіп, ондағы аймақта инженерлік-зерттеу жұмыстарының бірінші кезеңі 
аяқталған болатын. 

Осы белгіленген тәртіпке байланысты 2019 жыл 29 маусымда АЭС құру жоспары бойынша Жыззақ облысындағы Тузкен көлі жақынындағы майдандарда инженерлік-зерттеу жұмыстарының екінші кезеңіне старт берілді.

Ендігі кезекте, АЭС құруға арналған атаулы мекенде Ресейдің «Aтомстройэкспорт» АҚ мамандары тарапынан геофизиктік, сейсмологиялық зерттеу жұмыстарын бастап, зерттеу нәтижелеріне байланысты Өзбекстандағы құрылатын АЭС-тің бүкіл техникалық жобасын жасау жоспарланған.

Еске сала кетсек Өзбекстан Республикасы аумағында АЭС құру жобасын Өзбекстан және Ресей мемлекеттері арасындағы келісімге сәйкес «Жол картасын» орындау бойынша 17 мамыр күні «Росатом» мемлекеттік корпорациясының инженерлік бөліміне қарасты «Aтомстройэкспорт» АҚ мен техникалық жобаны жасау үшін келісім-шартқа қол қойылған еді.

Узатом агенттігінің ақпараттық қызметі хабары.

ӨзА
9 319