ӨзА Қазақ

03.09.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан жаһандық инновациялық индекс рейтингісінде 93-ші орында

Өзбекстан жаһандық инновациялық индекс рейтингісінде 93-ші орында

2020 жылғы жаһандық инновациялық индекс бойынша Өзбекстан әлемнің 131 мемлекет арасында 93-ші орынды иелеген.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша 24 шілдеде жариялануы керек болған рейтинг топтамасы биылғы пандемияға байланысты біраз кешігіп, 2 қыркүйекте жарық көрді. Дүниежүзілік Интеллектуалды меншік ұйымы және Корнелл Университеті тарапынан 2020 жылғы жариялаған «Инновацияны кім қаржыландырады?» тақырыбына сай 13-ші шығарылымы бойынша жаһандық инновациялық индекс рейтингінде әлемнің 131 мемлекет арасында Өзбекстан 93-ші орынға жайғасқан.

Соңғы жылдары елдегі даму көрсеткіші жоғарылағанын 2015 жылғы деңгейден байқауға болады. Сол кезгі рейтинг бойынша Өзбекстан әлемнің 140-тан астам мемлекет арасында 122-ші орынға тұрақтаған.

Рейтинг бойынша көш басын 62,47 көрсеткішпен Швейцария бастап келеді. Кейінгі орындарда Швеция және АҚШ елдері жайғасқан. Ресей - 47 орын, Қазақстан - 77 орын, Қырғызстан - 94 орын, Тәжікстан - 109 орынға ие болған. 

4 948
ӨзА