ӨзА Қазақ

11.09.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан ресми түрде Қазақстанмен тұрақты рейстерді қайта бастады

Өзбекстан ресми түрде Қазақстанмен тұрақты рейстерді қайта бастады

11 қыркүйектен Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тұрақты әуе рейстері ресми түрде қайта қалпына келген.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан авиация әкімшілігімен тұрақты халықаралық жолаушылар рейсін қалпына келтіру туралы келіссөздерден кейін «Uzbekistan Airways» және «Air Astana» әуе компанияларына қыркүйек айынан бастап паритеттік негізде Ташкент-Алматы-Ташкент бағыты бойынша тұрақты рейстерді бастау туралы келісімге қол жеткізілгені айтылады.

Келісімге сай осы бағыт бойынша рейстер аптаның жұма күні жүзеге асырылатын болып, бүгіннен бастап «Uzbekistan Airways» және «Air Astana» әуе компаниялары осы бағытта ұшуларды бастады. Соның негізінде «Air Astana» әуекомпаниясының Алматы-Ташкент-Алматы рейсі бүгін сағат 12:40-та Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайына келіп қонған.

4 845
ӨзА