ӨзА Қазақ

29.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Ұлттық банкі Қытай мемлекеттік даму банкінен 500 млн юан кредит алады

Өзбекстан Ұлттық банкі Қытай мемлекеттік даму банкінен 500 млн юан кредит алады

26 тамыз күні Бейжіңде Өзбекстан – Қытай үкіметаралық ынтымақтастық комитетінің бесінші отырысы аясында Өзбекстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметті ұлттық банкі 500 миллион Қытай юанында кредит линиясын тарту үшін Қытай мемлекеттік даму банкі мен кредиттік келісім-шарт орнатты.

Бұл келісім екі банк арасындағы жетіншісі болып, бұл өзара ынтымақтастықтың нығайып келе жатқанынан дерек береді. Қытай ақшасында қаржыландыруды тартудың басты артықшылығы - LIBOR ставкасындағы тәуелділіктерге байланысты болмау.

Осынау қаржылық ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізу, екіжақты қатынастарға және қос елдің арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың дамуына жаңа серпін беріп, несие ресурстарын тиімді шарттармен тартуға мүмкіндік пен қоса, Өзбекстанға жаңадан ірі инвестиция мүмкіндіктерін беретін болады.

Еске сала кетсек, қазіргі күнде Қытай Өзбекстанның ең ірі сауда серіктесі болып табылады. Ал, Қытайдың мемлекеттік даму банкі 1994 жылы наурызда ірі индустриялық жобаларды, оның ішінде энергетика мен көлік саласын дамыту және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған үкіметтік жобаларды қаржыландыру үшін құрылған.

20 360
ӨзА