ӨзА Қазақ

09.06.2019 15:02 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Испаниядан тағыда екі жүрдек поезд әкеледі

Өзбекстан Испаниядан тағыда екі  жүрдек поезд әкеледі

Испанияның ресми кредит институты жылдам жүруші екі поезд, вагондар және жүрдек поездар үшін сервистік қызмет көрсету бөлшектер сатып алуға келісімге қол қойылды
.

“Өзбекстан темір жолдары” АҚ мәліметінше келіссөздер Мадридте өткен. Онда “Өзбекстан темір жолдары” АҚ басшылығымен қоса Өзбекстаннан барған  делегаттар Испанияның өнеркәсіп, туризм және сауда министрінің сауда және инвестициялар і жөнінде бас директоры Мария Паз Рамос Реза және Ресми кредит институты халқаралық бизнес бөлім басшысы Силвия Диас қатысқан.

Еске сала келсек, өткен жылы Ташкентте Испания Корольдігі мен Өзбекстан Республикасы министрліктері және басшылық өкілдері ортасында кездесу болып өткен болатын. Кездесуде жүрдек екі поездбен, вагондар, оларға сервистік қызметтер көрсететін құрылғы бөлшектер сатып алу үшін 57.7 миллион эвро кредит беру жөнінде келіскен. 2018 жылдың өзінде қараша айында Испания үкіметі аталған соммадағы кредиттік беруге келісім бергендігін айтқан.

Мәлімет орнында, қазірде Өзбекстанның Самарқанд, Бұхара, Науаиы, Қаршы, Шахрисабз сынды мекендеріне 4 жүрдек поезд қатынайды. 

ӨзА
6 845