ӨзА Қазақ

28.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Еуроазиялық экономикалық одақта бақылаушы ел ретінде қатысатын болды

Өзбекстан Еуроазиялық экономикалық одақта бақылаушы ел ретінде қатысатын болды

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтың жыл басында Парламентке кезекті жасаған Үндеуінде Еуразиялық экономикалық одақ мәселесіне тоқталып, бұл өзекті мәселеде халықтың қалауына жүгінеміз және оны халықтың сенімді өкілі болған депутаттар мен сенаторлар мұны жан-жақты үйреніп, өте үлкен жауапкершілікті сезінген түрде нақты негізделген шешімдерін айтуы керек болады, деген болатын.

Осы мәселеге орай ЕЭО-ны интеграциялау мәселесін терең, ғылыми негізде зерттеу мақсатында парламенттің төменгі палатасы барлық ұсыныстар мен ескертулерді жинақтайтын жұмыс тобын құрған болып, бүгін «Олий Мажлис» Заң палатасында өткен отырыста Экономикалық одақпен ынтымақтастық туралы жұмыс тобының есебі тыңдалды. Жұмыс тобының зерттеуіне сай Өзбекстанның одақпен ынтымақтастығы сыртқы сауда айналымын ұлғайтуға, экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және шетелде жұмыс істейтін қандастарымыздың құқығын қорғауды күшейтуге қызмет етеді. Осындай ынтымақтастық нәтижесінде қосымша 1,6 млрд долларға тең өнімді экспорттау, теміржол көлігімен тасымалдау құны 220 миллион долларға арзан түсуін және еңбекші-мигранттардың табысын 15-20 пайызға арттыруға мүмкіндік береді екен.

Одақ аясындағы ынтымақтастықтың мемлекетке келіп кетер пайдасы мен залалын жан-жақты талдап, ескере «Олий Мажлис» Заң шығару палатасының депутаттары Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты соңғы шешімді қабылдады. Оған сәйкес Өзбекстанның одаққа «бақылаушы мемлекет» ретінде қатысуы орынды деп табылды.

Отырысқа қатысқан 133 депутаттың 86-сы Өзбекстан ЕЭО-да бақылаушы ел ретінде қатысуына дауыс берген болса, 32 депутат қарсылық танытқан. Ал 14-і бейтараптық танытқан болып, бір депутат дауыс бермеген.

Регламентке сәйкес, Заң палатасы бекіткен бұл шешім Сенат және Министрлер Мекемесіне жіберілетін болды.

5 775
ӨзА