ӨзА Қазақ

19.07.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан дерлік барша электр станцияларын жеке инвесторларға сатпақ

Өзбекстан дерлік барша электр станцияларын жеке инвесторларға сатпақ

Өзбекстан үкіметі елдегі дерлік барша электр станцияларын жеке инвесторларға сату жайлы шешімге келген. Ол жайында распубликалық энергетика министрінің орынбасары Шерзад Хуждаев мәлімдеген.

Оның айтуынша, Өзбекстандағы электр станцияларын жеке инвесторларға сату, алғашқы кезде олардың ақциясының бір бөлігін жеке инвесторларға сату мен бірге, мемлекеттік жеке серіктестік жөнінде біріккен кәсіпорындар құру жайлы ізденістер үстінде жұмыс жүріп жатыр. Келесі кезеңде электр станцияларын толықтай жеке инвесторға сату көзделген.

Соңына келіп мемлекет меншігінде бірнеше гидро электр станциялар мен АЭС қана қалатын болады. Мұндай жасаудың себебі, елдегі Электр энергиясын кезеңімен реформа жасау арқылы экономикалық секторлар және саны артып келе жатқан халықтың талаптарын орындау мен мемлекеттің рөлін кезеңімен қысқартыру, нарықтағы байланыстарға өтуге кепілдік береді, - дейді Шерзад Хуждаев энергетика саласындағы реформалар жайындағы кеңес отырысында.

Еске сала кетсек, Өзбекстан аумағында АЭС құрылысының екінші кезеңіне старт берілген. Ал ел аумағында АЭС-тің салынуына мұндағы халықтың 69,5 пайызы қолдау көрсеткен. Әлеуметтік сауалнама кезінде респонденттердің 83 пайызы “Мен Өзбекстанда құрылатын алғашқы АЭС-пен мақтанамын” деген пікірге қосылған

15 779
ӨзА