ӨзА Қазақ

18.06.2019 14:53 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Дүниежүзілік банктен 500 миллион доллар кредит алмақ

Өзбекстан Дүниежүзілік банктен 500 миллион доллар кредит алмақ

Дүниежүзілік банк Өзбекстандағы экономикалық өзгерістер мен нарықтық реформаларды қолдау үшін 500 миллион доллар кредит бөлетінін мәлімдеген.

Өзбекстан бұл несиені экономиканы дамытуға және жеке сектордың белсенділігін арттыруға ықпал ететін экономикалық реформаларды қолдауға көмектесуші «The Development Policy Loan (DPL)» үйымынан алатын болады.

Өзбекстанның кең ауқымды реформалары жалғасуда, ел өз азаматтары мен халықаралық қоғамдастық тарапынан қолдау көрсетілуде. Бұл қаржылық көмек жеке сектордың өсуін қолдау, жұмыс орындарын құру және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың интеграциясын арттыру үшін күрделі институционалдық реформаның өтуіне қосымша қолдау көрсетеді,- дейді Дүниедүзілік банктің Өзбекстандағы өкілі Ҳидеки Мори.


Дүниедүзілік банктің мәліметінше, Өзбекстанға барлығы 3,6 млрд доллардан астам болған 22 жобалар арқылы көмектесетін болады. 


ӨзА
13 157