Өзбекстан биыл 4 млрд долларлық алтын сатқан
Алтын экспорты 2018 жылға қарағанда біршама өскені байқалады
Өзбекстанда биыл алтын экспорты 2018 жылға қарағанда біршама өскені байқалады.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше өткен жылмен салыстырғанда биыл алтын экспорты 2,6 есе артқан. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың қаңтар мен қазан айларында Өзбекстан экспорттаған алтын мөлшерінен ұлттық қорға 4,04 миллиард доллар қаржы түскен.
Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, Өзбекстанда соңғы жылдары алтын экспортының күрт өскені мына көрсеткштерден-ақ белгілі: 2015 жылы 823,9 млн, 2016 жылы 738,2 млн, 2017 жылы 1,6 млрд және 2018 жылы 2,91 млрд доллар болған.