ӨзА Қазақ

18.08.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанға шетелден ақша аударымдары азайды

Өзбекстанға шетелден ақша аударымдары азайды

Өзбекстанға трансшекаралық ақша аударымдарының көлемі айтарлықтай азайды.

Орталық банктың жыл басынан бергі соңғы жеті айлық мәліметіне сай биыл трансшекаралық ақша аударымдарының көлемі 3 млрд долларды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 217 млн доллар немесе 7 пайызға төмен.

Биылғы шетелге жіберілген трансшекаралық ақша аударымдарының көлемі 516 млн долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47 млн долларға немесе 8 пайызға азайған.

Ал Өзбекстанға шетелден трансшекаралық ақша аударымдарының оң сальдосы 2,5 млрд доллар болып, 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 170 млн доллар немесе 6 пайызға төмендегені байқалған.

64cb4bb2-1cf2-4189-9f35-4ffae6a98ef9.jpg

4 702
ӨзА