ӨзА Қазақ

04.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Volkswagen Өзбекстанда жеңіл автокөліктер өндірісін бастайды

Volkswagen Өзбекстанда жеңіл автокөліктер өндірісін бастайды

Әлемдік нарықта өзіндік орны бөлек «Volkswagen» маркалы автокөлік компаниясы Өзбекстанда өзінің алғашқы автокөлігін «Caddy» моделін жасаудан бастамақ.

Неміс машинасының өндірісін Өзбекстанда жолға қою жайлы келісім өткен 2019 жыл Германия президенті ресми сапармен Ташкентке келген кезде екі ел президенттері арасында жасалған болатын.

Осы келісім аясында жеңіл автокөліктер өндірісі мен оны сату және қосалқы бөлшектер жасау жөнінде «Узавтосаноат» АҚ мен «Volkswagen Group Rus» компаниялары ынтымақтастық туралы келісім жасады. Келісім бойынша зауыт жылына 20 мың автокөлік жасайтын болып ең алдымен олар 7 орындықты «Caddy» универсаль моделі мен жүк тасуға арналған фургонды жасауды жоспарлауда. Бұл автокөлік қуаты 110 ат күшіне ие болып көлемі 1,6 двигателді құрайтын жанармай үнемдеуші қозғалтқышпен жабдықталмақ. Ол қала ішінде 100 км шақырымға 9,3 л. жанармай жұмсаса, үлкен тасжолда 100 км-ге 6,1 л-ге жуық сарыптайды.

Өткен жылда жасалған жоспар бойынша Өзбекстанда «Volkswagen»нің Caddy, Crafter, Tiguan, Skoda Octavia маркалы модулдері жауада қарастырылған.

4 760
ӨзА