ӨзА Қазақ

01.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Валюта бағамы: Ресми доллар курсы тағы қымбаттады

Валюта бағамы: Ресми доллар курсы тағы қымбаттады

Өзбекстан Орталық банкі шетел валюталарының сумға байланысты 2 маусымнан бастап айналымға шығар жаңа құнын жариялады. Онда шетелдік валюталарына шаққандағы сумның құны тағыда төмендегені байқалады.

1 АҚШ доллары өткен аптадағы бағадан 9,01 сумға өсіп 10148,31 сумға теңестірілген.

Еуро бағамы бұл аптада біржола 210,75 сумға қымбаттаған. 1 еуро бағасы 11262,59 сумға жеткен.

Ресей рубльі алдыңғы бағадан 2,70 сумға артып 144,05 сум болған.

Валюта бағамы еркін айналымға жіберілгеннен кейін 2020 жылдың 15 сәуіріне келіп доллар бағамы 10 мыңдық рекордты деңгейден өткен болатын.

Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды. 

6 089
ӨзА