ӨзА Қазақ

18.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Валюта бағамы: Доллар және еуро курсы төмендеді

Валюта бағамы: Доллар және еуро курсы төмендеді

Өзбекстанда доллар курсы соңғы 6 апта барысында қалыптылық деңгейін нақты бағамдай алмауда. 15 сәуірге дейін аздап көтеріліп бірден 10 мыңдық нүктеден асып рекордтық деңгейге жеткен болатын.

Орталық банк шетел валюталарының сумға байланысты 19 мамырдан бастап айналымға шығар жаңа бағасын жариялады. Онда шетелдік валюталарға шаққандағы сумның құны өскенін байқауға болады.

1 АҚШ доллары 7,64 сумға арзандап 10129,56 сумға теңестірілген.

Еуро бағамы бұл аптада 33,60 сумға төмендеп 1 еуро 10955,7 сум боп белгіленген.

Ресей рубльі 0,72 сумға құлдырап 137,54 сум болған.

Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды. 

3 892
ӨзА