ӨзА Қазақ

11.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Валюта бағамы: Доллар курсы тағы қымбаттады

Валюта бағамы: Доллар курсы тағы қымбаттады

Өзбекстанда доллар курсы екі апталық төмендеуі байқалып үшінші аптада қайта өсті.

Орталық банк шетел валюталарының сумға байланысты 12 мамырдан бастап айналымға шығар жаңа бағасын жариялады. Онда доллар бағамы 7,81 сумға өскенін көруге болады.

Сонымен ертеңнен бастап айналымға шығар 1 АҚШ доллары 7,81 сумға өсіп 10 137,20 сумға теңестірілген.

Еуро бағамы бұл аптада 139,39 сумға төмендеп 1 еуро 10988,72 сум боп белгіленген.

Ресей рубльі бұл аптада 3,46 сумға өсіп 138,26 сум болған.

Өзбекстан Республикасының Орталық банкі аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды. Осыған дейін Өзбекстанда доллардың ресми курсы 10 мың сумдық бағадан 15 сәуірде асқан болатын. 

4 782
ӨзА