ӨзА Қазақ

17.09.2020 Басып шығару нұсқасы

Тамызда айында Өзбекстанда ең көп шыққан автокөлік маркасы анықталды

Тамызда айында Өзбекстанда ең көп шыққан автокөлік маркасы анықталды

Өзбекстанда тамыз айындағы статистикаға сай, ел өндірісіндегі автокөліктер арасындағы ең көп жасалған түрі «Cobalt» маркалы көлік болып, соңғы 8 ай көлемінде зауыттан бұл түрдегі автомобилдің 52 202 данасы сатылымға шыққан.

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінщше, бір ай көлемінде «Cobalt» маркалы көліктің 7301 данасы шыққан және бұл осы айдағы ең жоғары деңгейді көрсеткен. Тұтынушылар сұранысына байланысты көліктің осы түрі өткен айға қарағанда 82 данаға артқан болса, жылдық қорытындыға байланысты, 2019 жылмен салыстырғанда 144,9 пайызға өскен.

Жалпы жыл басына бергі автомобиль өнеркәсібінің сандық көрсеткішіне қарасақ, өткен жылға қарағанда біршама артқаны байқалады. Онда елдегі нарықта сұранысы жоғары «Nexia T-250» маркасынан 46 904 данасы шыққан. Бұл 2019 жылдың осы дәуірімен салыстырғанда 3,6 пайызға көп. Басқа көлік түрлерінен 35150 дана «Ласетти-Gentra» (27,9%), 35 322 «Damas» (10,2%), 18 275 «Spark» (28,6%) және 5327 «Labo» (5,7%) автомобильдері шығарылды.

5 082
ӨзА