ӨзА Қазақ

22.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Сырдарияда сауда-логистикалық терминал ашылады

Сырдарияда сауда-логистикалық терминал ашылады

Сырдария облысында 25 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынып сауда-логистикасына арналған терминал ашылатын болады.

Бұл жөнінде арнайы Үкімет қаулысы шығып, осы қаулыға сай жоспар 2020-2024 жылдар аралығында орындалмақ. Сауда терминалы толықтай жұмысқа түскен кезде мұнда 200 жаңа жұмыс орны ашылып, терминал аумағында Мемлекеттік кеден комитеті, Денсаулық сақтау министрлігі, Ветеринария және мал шаруашылығын дамыту мемлекеттік комитеті, Экология және қоршаған ортаны қорғау комитеті, «Узстандарт» агенттігі және «Уздавкарантин» инспекциясы департаменттері тегін орналастырылылады.

Мұнда кедендік, жедел зертханалық, фитосанитарлық, ветеринариялық, санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық бақылау және сәйкестікті бағалау мен басқа да мемлекеттік қызметтер «Бір терезе» қағидаты негізінде көрсетіледі.

Сондай-ақ сауда-логистикалық терминал мемлекеттік және коммерциялық қызметтерді, халықаралық логистикалық қызметтерді де ұсынады.

3 708
ӨзА