ӨзА Қазақ

17.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Сауд Арабия компаниясы Өзбекстанда ЖЭС құрылысын бастады

Сауд Арабия компаниясы Өзбекстанда ЖЭС құрылысын бастады

Сауд Арабиясының «ACWA Power» компаниясы Сырдария облысында жалпы қуаты 1250-1500 МВтты құрайтын жылу электр станциясы құрылысының алғашқы кезеңін бастады.

Қазірде аймақтық жер қыртысын үйрену жұмыстарын бастаған компания атаулы ЖЭС-ны заманауи бу-газ құрылғыларымен жабдықтайтын болғандықтан оның өнімділігі қазіргілерден 1,7 есе тиімді болады. Онда қазіргі энергоблоктардан екі есеге өнімділігі жоғары екі бу-газ құрылғысы орнатылатын болып ол табиғи газдың шартты көлемі есебінен электр энергиясын екі есе көпге өндіреді. Сонымен қатар жылына 10 млрд кВт/с электр энергия өндіру қуатына ие құрылғылардан пайдаланылады. ЖЭС құрылысы тікелей инвесторлар есебінен құрылады және өндірілген электр энергиясы ұзақ мерзімді келісім-шарт есебінде сатылмақ.

Осынау инвестициялық жоба Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Алишер Султановтың осы жыл 7 ақпанда Сауд Арабиясы Энергетика министрінің орынбасары Абид бин Абдулла ас-Садун бастаған делегациямен кездесуінде талқыланған болып, кездесуде «ACWA Power» компаниясы Басқарма төрағасы Мухаммед Абунаян және компанияның басқа да лауазымды тұлғалары болған.

Өзбекстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабары.

7 878
ӨзА