ӨзА Қазақ

08.09.2020 Басып шығару нұсқасы

Пандемия әлемдік экономикаға 35 трлн доллар шығын әкелуі мүмкін

Пандемия әлемдік экономикаға 35 трлн доллар шығын әкелуі мүмкін

Коронавирустық пандемия әлемдік экономикаға 35 трлн доллар шығын әкелуі мүмкін. Экономистердің пікірінше оның басты себебі көптеген елдер пандемия басталған кезде қолдау шараларынан тым ерте бас тартып жатқандығында.

2025 жылға қарай коронавирустық пандемияның әсері әлемдік экономикаға шамамен 35 триллион доллар шығын әкелуі мүмкін, деп хабарлайды «Bloomberg» сарапшыларды пікіріне сүйене.

Экономистер көптеген елдер пандемия басталған кезде қабылдаған қолдау шараларынан тым ерте бас тартып жатқанына алаңдайды. Дүниежүзілік экономика қазіргі уақытта дағдарыстан кейінгі қалпына келудің шыңында тұр, бірақ алда жаңа қауіптер болуы әбден мүмкін. Ең негізгі қауіптің бірі күзгі, қысқы мезгілде күшейу мүмкіндігі жоғары екінші толқын. Көптеген елдерде жыл соңына дейін жұмыссыздарды қолдау шаралары аяқталады. Сарапшылар бұл шаралардың күшін жою әлі ерте деп санайды.

Экономистердің айтуынша, кейбір ірі компаниялар жаңа жұмыстан шығарулар туралы жариялады. Ал, Қытайда халықтың сатып алу қабілеті әлі күнге қалпына келтірілген жоқ. Еуропадағы зауыттар мен кәсіпорындар сұраныстың аздығынан шығындарды азайтуға тырысуда. Франция мен Германия қолдау бағдарламаларын ұзартты, ал Ұлыбритания оларды тоқтата тұруды қазан айында жоспарлап отыр. Бұл миллиондаған жұмыс орындарына қауіп төндіреді.

Австралия ұлттық университет маманы Уорвик МакКиббиннің болжамына сай коронавирус 2025 жылға қарай әлемдік экономикаға 35 триллион долларға жуық шығын әкелуі мүмкін.

4 885
ӨзА