ӨзА Қазақ

05.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Орталық банк төлем жүйелері үстінен бақылауды күшейтпек

Орталық банк төлем жүйелері үстінен бақылауды күшейтпек

Орталық банк Өзбекстандағы төлемдер мен төлем жүйелеріне бақылауды күшейтетін болады. 1 қарашада жарияланған Төлемдер мен төлем жүйелері туралы заң 2020 жылдың 1 ақпанында күшіне енетін болады.

Жаңа заңға байланысты төлем жүйелеріне қойылатын талаптар күшейтіледі. Атап айтқанда, Орталық банк төлем жүйелерінің операторларына лицензия береді және олардың жарғылық капиталының мөлшерін белгілейтін болады. Сонымен қатар, Орталық банк төлем операторларын жылына бір рет тексерумен қатар жылдық есептіде талап ететін болады.

Осы заңда төлем қызметтері нарығына арналған жеке бап қарастырылып, олардың түрлері, жеткізушілері мен талаптары, төлем қызметтерін ұсыну тәртібі, оның ішінде тиісті шартты жасасудың негізгі шарттары мен тетіктері, төлем ұйымдарының қызметін шектеу және төлем агенттері мен субагенттер арқылы жұмыс жасау ерекшеліктері белгіленген.

Сондай-ақ жаңа заңда терроризмге қарсы күрес талаптарына сәйкес келмейтін төлем жүйелеріне 1 миллиард доллар көлемінде айып пұл салу мен қатар олардың қызметін шектеуге дейін шаралар қарастырылған. 

Бұлардан басқа, Орталық банк төлем жүйелерінің операторлары мен төлем қызметтерін жеткізушілерді ақпараттық қауіпсіздік режиміне сәйкес бақылайтын болады. Жыл сайын 1 сәуірден кешіктірмей, олар Орталық банкке есеп беруі керек. Ал режим бұзылған жағдайда - бұл туралы және оның салдарын азайту бойынша жедел шаралар туралы қосымша есеп беруі керек болады.

3 453
ӨзА