ӨзА Қазақ

27.02.2020 Басып шығару нұсқасы

ОПЕК халықаралық даму қоры Өзбекстанға 54 миллион доллар бөлмек

ОПЕК халықаралық даму қоры Өзбекстанға 54 миллион доллар бөлмек

1975 жылы негізі қаланған атаулы қор дамушы елдерге әлеуметтік-экономикалық көмек көрсететін қаржылық өркендеу жөніндегі үкіметаралық бірегей институт болып табылады.

25 ақпан күні Венада Өзбекстан үкіметі мен ОПЕК Халықаралық даму қоры (OFID) Наманган облысы мен қаладағы ауыз судың жеткізілуін жақсарту жобасын қаржыландыруға 54 миллион долларлық жеңілдетілген несие бөлу туралы келісім жасасты.

Өркендеу жолында жасалған келісімді құжатқа ОПЕК Халықаралық даму қорының бас директоры Абдулхамид Алхалифа мен Өзбекстан атынан елші Шерзод Асадов қол қойды.

ОПЕК Халықаралық даму қоры 1999 жылдан бастап Өзбекстанның мемлекеттік секторында жалпы 80 миллион долларқа тең болған 7 жобаны жүзеге асырған. Күні кеше ғана қол қойылған кезектегі жоба аясында Наманган облысында 200 мыңға жуық халық ауыз сумен қамтамасыз етілмек. 

6 245
ӨзА