ӨзА Қазақ

25.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Коронавирустың салдарынан алтын бағасы рекордтық деңгейге көтерілді

Коронавирустың салдарынан алтын бағасы рекордтық деңгейге көтерілді

Коронавирустың ауқымы тым ұлғайғаны әлемдік нарыққа өз әсерін тигізуде. Өйткені 2013 жылдан беріге мұндай қарқын мен көтерілмеген алтынның бағасы қазіргі күнге келіп әлемдік биржада 2,74 пайызға өсіп, 1 689 долларды құрады.

Бұл Қытайдан шыққан вирустың тарауымен байланысты бағасы артқан аз санды өнімнің бірі. Себебі ең қымбат саналушы Brent маркалы мұнайдың бағасы 3,5 пайызға төмендеп, бір баррельі үшін 56,5 долларға дейін түскен.

Бірқатар халықаралық биржаларда баға белгілеулердің төмендеуі байқалды. Коронавирустың әлемдік экономикаға әсері туралы халықаралық сарапшылардың пікірінше аурулар Италия, Оңтүстік Корея және Иранда басталғаннан кейін күшейе түскен.

6 871
ӨзА