ӨзА Қазақ

26.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Күн энергиясынан пайдалануда қажетті рұқсат қағазы талап етілмейтін болды

Күн энергиясынан пайдалануда қажетті рұқсат қағазы талап етілмейтін болды

Өзбекстанда күн нұрынан алынатын энергия көздері құрылғыларын жеке мақсат үшін пайдалануға рұқсат алу талап етілмейтін болды.

Энергетика министрлігі үйде өз қажеттілігіңіз үшін пайдаланатын күн энергиясына ешқандай рұқсат талап етілмейтіндігін хабарлайды. Сонымен қатар сіз баламалы энергия көздерінен өндірген энергияны сатуыңызғада мүмкіндік берген. Бұл үшін сізге 3 жыл көлемінде ешқандай салық түрлері қарастырылмаған. Тіпті үкімет дәл осы жобаны жүзеге асыру үшін сізге тиімді банктік нисие мен сіз өндірген энергияны сатып алу келісімін ұсынады.

Атаулы бұл шаралар жеке және заңды тұлғаларға энергияны үнемдейтін басқа да жабдықтарды, газ оттықтарын және қазандықтарды сатып алуға арналған коммерциялық банктерге берілген несиелер бойынша сыйақы (өтемақы) төлеуді қарастырады.

Атап айтқанда, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының (2019 жыл 22 тамызда қабылданған 4422 санды жарлыңына сай) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жеке тұлғаларға күн фотоэлектрлік станциялары үшін (3 млн сумнанн аспайтын), күн су жылытқыштарына (1,5 млн сумнан аспайтын), сонымен бірге энергия үнемдейтін газбен жұмыс істейтін құрылғылар үшін (200 000 сумнан аспайтын) сатып алу бағасының үштен бірін жабу тәртібі қарастырылған.

5 167
ӨзА