«Google» Өзбекстанда қосымша құн салығын төлей бастады
Бұдан басқа Netflix, Samsung Electronics, Apple, Сleverbridge AG сынды танымал интернет жүйлері орын алған
Интернет желісінің аса ауқымды іздеу жүйесі болып табылатын американдық трансұлттық корпорация Өзбекстанда алғашқы құн салығын төледі.
Өзбекстан Республикасының Салық кодексінде көрсетілгендей 2020 жылдан бастап ел аумағында жеке тұлғаларға электронды түрде қызмет көрсететін шетелдік компаниялар үшін қосымша құн салығын (ҚҚС) төлеу енгізілген болып, мұндай компанияларды тіркеу үшін Мемлекеттік салық комитеті арнайы қызмет - Интернет компаниялардың ҚҚС кеңсесін құрды.
Осы кеңсенің жұмыс атқаруына байланысты Мемлекеттік салық комитетінің баспасөз қызметі ҚҚС-ның елдегі алғашқы төлемін «Google Commerce Limited» компаниясы жасағанын хабарлады. Компания осы жылдың бірінші ширегінде мемлекеттік бюджетке 85 000 евро көлемінде қаржы төлеген.
Бүгінгі таңда Өзбекстанда 9 шетелдік компания ҚҚС кеңсесі арқылы ерікті салық төлеуші ретінде тіркелген. Олар:
- Google Commerce Limited;
- Google Ireland Limited;
- Google Voice Inc;
- Apple Distribution International Limited;
- Netflix International B.V.;
- Samsung Electronics Co., Ltd.;
- Сleverbridge AG;
- Xsolla (USA), Inc.;
- Activision Blizzard International BV