ӨзА Қазақ

03.07.2019 Басып шығару нұсқасы

«General Motors Uzbekistan» атауы өзгерді

«General Motors Uzbekistan» атауы өзгерді

Өзбекстан Республикасының аумағында бірнеше жылдардан бері «General Motors Uzbekistan» брендімен аты шыққан акционерлік қоғамы, бұл атауды өзгертуге шешім шығарған.

Қазірге ресми түрде жаңа атауын мәлімдемеген болсада, «GM Uzbekistan» атауы «UZAUTO MOTORS» атауына өзгеретіні жайында айтылған.

Мәлімет орнында айта кетсек, Өзбекстан тарихында жеңіл автокөліктерді жасау өндірісі алғаш 1992 жылдан басталған еді. Ол кезде Оңтүстік Кореяның «Daewoo» корпорациясымен бірге Әндіжанда «UzDaewoo» автокөлік шығару бойынша бірлескен зауыт құрылған болатын. Кейіннен 2007-2008 жылдарда «Узбекөнеркәсіп» АҚШ-тың «General Motors» корпорациясымен серіктестікті жолға қойып «GM Uzbekistan» атауымен автөкөліктер шығара бастады. Ондағы шығып жатқан көліктер Өзбекстан аумағында «Chevrolet» маркасы атауымен шықса, шетелге арнап шығарылар көліктер «Ravon» атауымен экспортталады.

14 678
ӨзА