ӨзА Қазақ

19.06.2019 12:20 Басып шығару нұсқасы

Францияның Orano компаниясы Өзбекстанда уран өндірумен айналыспақ

Францияның Orano компаниясы Өзбекстанда уран өндірумен айналыспақ

Францияның Orano Mining S.A компаниясы Науаиы облысы аймағында уран өндіру және уран кендерін іздеу бойынша Өзбекстанмен бірлескен кәсіпорынды іске қосады.

Orano және Өзбекстан Мемлекеттік геология комитеті уран кенін және уранды қазып алу бойынша бірлескен кәсіпорын құрады. Бұл кәсіпорынды құру туралы келісім жобасы жасалды, -дейді Мемлекеттік геология комитетінің өкілі.

Серіктестік мақсатында құрылуы жоспарланған бұл кәсіпорын 2019 жылдың шілде айының соңына дейін құрылатын болады. Кәсіпорынның құру туралы келісім жобасына сай пайда үлесінің 51 пайызы Orano компаниясына, 49 пайызы Мемлекеттік геология комитетінің есебп шотына түсетін болады.

Өзбекстан Мемлекеттік геология комитетінің мәліметінше қазірде республикадағы уран қоры 190 мың тоннаны құрайды. Одан 140 мың тоннасы құмды уран кендері. Осы кезге дейін құмды уран кендерін шетелдік компанияларға берілмеген болатын, ал енді рұқсат берілді. Сонымен бірге Өзбекстан қазып алынған уранның барлық рудасын экспортқа шығарады.


ӨзА
15 945