ӨзА Қазақ

20.05.2020 Басып шығару нұсқасы

«Facebook» Өзбекстанда салық төлөушілер қатарында

«Facebook» Өзбекстанда салық төлөушілер қатарында

Жаһандық нарықта ең көп тұтынушыға ие «Facebook» әлеуметтік желісі Өзбекстанда салық төлейтіндер қатарынан оры алды. 

Ирландияда тіркеуден өткен «Facebook Technologies Ireland Limited» компаниясы, Өзбекстанда салық төлеушілер қатарына қосылған 11 алып компанияға айналды. Бұған дейін бүгінгі таңдағы адамзаттың күнделікті тұрмыстық қажеттілігіне айналып кеткен «Apple»(59,2 мың АҚШ доллары), «Netflix»(4,3 мың еуро), «Google» (85 000 евро) сынды алып компаниялар алғашқы салық төлемдерін жасаған.

Атаулы компанияның құрамындағы «Facebook» желісі енді Өзбекстанда ҚҚС төлеуші ретінде жұмысын жалғастыра отырып, тауарларды электронды түрде сатумен айналысатын немесе басқада интернеттегі қызметтер көрсететін болады.

Қазіргі уақытта Өзбекстанда 9 шетелдік компания ҚҚС кеңсесі арқылы ерікті салық төлеуші ретінде тіркелген. Олар:

- Google Commerce Limited;
- Google Ireland Limited;
- Google Voice Inc;
- Apple Distribution International Limited;
- Netflix International B.V.;
- Samsung Electronics Co., Ltd.;
- Сleverbridge AG;
- Xsolla (USA), Inc;
- Activision Blizzard International BV.;
- Booking.com B.V.;
- Facebook Technologies Ireland Limited;

2 321
ӨзА