ӨзА Қазақ

01.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Дүниежүзілік банк Өзбекстанға 200 миллион доллар бөлді

Дүниежүзілік банк Өзбекстанға 200 миллион доллар бөлді

30 сәуірде Дүниежүзілік банктің директорлар кеңесі Өзбекстан үшін қосымша 200 миллион доллар қаржы бөлуді мақұлдап өз сайты арқылы жариялаған болса, бұл хабарды Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Экономикалық даму және кедейлікті төмендету министрі Джамшид Кочкаров жеке әлеуметтік парақшасымен бөлісу арқылы көпшілікті хабардар еткен.

«Дүниежүзілік банк бөлген қосымша қаржы ресурстары Өзбекстан үкіметіне пандемияның таралуын болдырмауға және оның халық пен ұлттық экономикаға теріс әсерін азайтуға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асыруға көмектеседі» - деген Дүниежүзілік банктің Өзбекстандағы өкілі Хидеки Мори.

Бұған дейін Дүниежүзілік банк Өзбекстанға 95 миллион доллар қаржы бөлген болып, оның 8 миллион доллары коронавирустық инфекцияның алдын алу және оны бақылау үшін ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге, жеке қорғаныс құралдарын, дәрі-дәрмектер мен адам өміріне маңызды медициналық жабдықтарды, соның ішінде өкпені жасанды желдету құрылғыларын алуға, коронавирус жұқтырған науқастарды емдейтін ауруханаларды жабдықтауға жұмсалатыны мәлімденген. Ал қаржының қалған 57 миллион доллары жоба бойынша ел аумағындағы жағдайы төмен отбасыларды қолдауға және жұмыссыз азаматтарға бір реттік көмек төлемдерін жасау үшін мемлекеттік бағдарламаларды кеңейтуге жұмсалатыны айтылған.

6 035
ӨзА