ӨзА Қазақ

23.09.2020 Басып шығару нұсқасы

БАӘ авиакомпаниясы Өзбекстанға тұрақты рейстер жасайтын болды

БАӘ авиакомпаниясы Өзбекстанға тұрақты рейстер жасайтын болды

БАӘ-нің «AIR ARABIA Abu-Dabi LLC» компаниясына Өзбекстанға тұрақты рейстер жасауға рұқсат берілді.

Көлік министрлігінің хабарына сай, Өзбекстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасында жасалған әуе қатынасы туралы келісім негізінде «Узавиация» компаниясы «AIR ARABIA Abu-Dabi» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Абу-Даби - Ташкент - Абу-Даби бағыты бойынша тұрақты рейстер жасау үшін 2020 жылдың 9 қыркүйегінде рұқсат етілген.

Әуе компаниясы Өзбекстанға тұрақты рейстерін Airbus-320-214 ұшағымен жасайтыны белгілі болды.

6 111
ӨзА