ӨзА Қазақ

13.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Бұхарадағы орын алған дауылды апат 141,6 миллиард шығын келтірген

Бұхарадағы орын алған дауылды апат 141,6 миллиард шығын келтірген

27 сәуірде Түркіменстан тараптан келген қолайсыз ауа-райының салдарнан соққан қатты желдің соңы дауылға ұласып, аралас жаңбыр жаууына себеп болды. Бұл апаттан ең көп шығын көрген Бұқара облысындағы ауылды-мекендер болды.

Мамандардың айтуынша дауылды табиғат апатынан 41 927 ғимарат пен түрлі құрылыс нысандары және тұрғын үйлерге келген залалдың шығын көлемі 141,6 млрд сумды құраған. Бүгінгі таңда 24 322 тұрғын-үй, 326 орта мектеп, 160 мектепке дейінгі мекеме, 81 денсаулық сақтау және 88 басқа мекемелер күрделі жөндеуден өткен. Ондағы құрылыс жұмыстары мен қалпқа келтіру істеріне 32 530 құрылысшы жалданған. Қазірде қалған ғимараттар мен әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстары жалғасуда.

4 697
ӨзА