ӨзА Қазақ

21.08.2020 Басып шығару нұсқасы

Азия Даму банкі Өзбекстанға 200 миллион долларлық несие береді

Азия Даму банкі Өзбекстанға 200 миллион долларлық несие береді

Өзбекстан Азия Даму банкінен тағы 200 миллион доллар несие алатын болды. Бұл қаржы елдегі электр энергетикасы саласындағы реформаларды жүзеге асыру үшін яғни электр энергиясын есепке алу мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесін жедел енгізуге жоспарланған.

Бұл туралы Министрлер Кабинетінің «Азия Даму Банкінен электр энергетикасы саласындағы реформаларды жүзеге асыру үшін Өзбекстан Республикасының бюджетіне қолдау көрсету үшін 200 млн АҚШ доллары көлемінде қарыз алу туралы» қаулысының жобасында айтылған болып, онда 200 миллион доллар 3 жылдық жеңілдік кезеңімен қоса 15 жылдық мерзім аясында қайтару кһзделген.

Азия Даму банкі қаражатты 2020 жылдың 28 қыркүйегінде бөлетіні айтылған болып, қарыздың негізгі бөлігі мен олар бойынша пайыздар мен міндеттемелерді төлеуге байланысты шығыстар Өзбекстан Республикасының республикалық бюджетінен жабылатыны айтылған.

5 444
ӨзА