ӨзА Қазақ

21.02.2020 Басып шығару нұсқасы

«ATR Aircraft» компаниясы Өзбекстанға ұшақтар жеткізіп беруі мүмкін

«ATR Aircraft» компаниясы Өзбекстанға ұшақтар жеткізіп беруі мүмкін

Францияның жетекші авиякомпанияларының бірі «ATR Aircraft» Өзбекстанның нарығында жаңадан құрылатын әуекомпаниялары үшін өзінің үнемді әрі тиімді ұшақтары жайлы ұсыныс жасап келіссөздер өткізді.

Мемлекеттік активтерді басқару агенттігінде өткен кездесуде француз авиакомпания өкілдері өз өндірісіндегі қазіргі заман талабына сай ұшақтары жайлы мәліметтер беріп, Өзбекстан аумағы үшін ыңғайлы болған екі түрдегі ұшақтың таныстырылымын өткізді. Бұл ұшақтардың ең бір тиімді тұсы жанармайды үнемдейтіндігі мен ұзақ мерзімге жарамдылығында болып, заманауи технологиямен жабдықталғандығы басқа әуе кемелеріне қарағанда аз шу шығарады және отынды екі есеге дейін үнемдейді.

Бұл түрдегі ұшақтар ішкі рейстер мен көрші елдердің 1000 шақырымды құрайтын аумақтарына рейстерді орындауға қауқарлы және олар әртүрлі климаттық жағдайларда пайдалануға ыңғайлы.

Кездесу соңында тараптар тиісті министрліктер және ведомстволар, сондай-ақ жаңадан құрылып жатқан «Humo Air» әуекомпаниясымен осы ұсыныспен ақылдасып алдағы уақытта ынтымақтастықты жолға қоюға келісті.

Еске сала кетсек, биыл Өзбекстан нарығында жаңадан «Humo Air» әуекомпаниясы өз жұмысын бастайды, ал 2021 жылға дейінгі жоспарға сай тағы бес әуе компаниясы нарықта пайда болмақ.

7 109
ӨзА