ӨзА Қазақ

18.10.2019 Басып шығару нұсқасы

АЭС үшін мамандар даярлау стратегиясы мақұлданды

АЭС үшін мамандар даярлау стратегиясы мақұлданды

Хабарыңыз бар Өзбекстан аумағында салынып жатқан АЭС-тің құрылыс жұмыстарының екінші кезеңі Жыззақ облысында бастау алған. 

Президентінің жарлығымен ядролық-энергетика ресурстарын дамыту бағдарламасының стратегиясы бекітілді. Онда АЭС-ке қажет болған негізгі мамандарды даярлдау жайлы мемлекеттік тапсырыспен жүзеге асырылады.

Стратегияға байланысты, АЭС-ті басқара алушы және жұмысын қадағалаушы мамандар төрт кезең бойынша мына бағыттарда даярланады:
жоғары басшы қызметкерлері;
басқарушы және жұмысын қадағалаушы мамандар;
көмекші техник қызметкерлері;
әкімшілік-басқарушылық қызметшілері;

сонымен қатар, «MMFI Ұлттық ядролық зерттеу университетінің» Ташкенттегі филиалы бакалавриат және магистратура бағдарламаларын кеңейтеді. Мұндағы қызметкерлерді Атом энергиясын дамыту қоры қаржыландыратын болады.

Жоспардағы стратегияны жүзеге асыруда, Халықаралық атом энергетикалық агенттігі (МАГАТЭ), Дүниежүзілік ядролық қауымдастық жанындағы бүкіләлемдік ядролық университет (Ұлыбритания), Росатомның оқу орындарымен (Ресей Федерациясы) ынтымақтастық орнатылатын болады.

Президент жарлығына сай, Өзбекстан Ұлттық университетінде және Самарқанд мемлекеттік университетінде атом энергетикасы саласындағы мамандарды даярлау үшін жаңа магистратура мамандықтары ашылды. Ал, Ташкент мемлекеттік техникалық университетінде «Энергетика (атом энергетикасы)» мамандығы үшін студенттер оқытуды бастайды. 


11 744
ӨзА