ӨзА Қазақ

15.01.2020 Басып шығару нұсқасы

2019 жыл биржа арқылы Өзбекстанда 130 млн долларлық өнім сатылған

2019 жыл биржа арқылы Өзбекстанда 130 млн долларлық өнім сатылған

Бұл жөнінде бүгін тауар-айналым қор биржасында өткен баспасөз маслихатында мәлім болды.

Шарада 2020 жылда орын алар реформалы жобалар жайлы да ақпарат беріліп, өткен жыл барысында кәсіпкерлер биржа арқылы 13,4 трлн. сумдық тауар сатып алып, 7,5 трлн сумға тең өз өнімдерін сатқан.

Жыл қорытындысы бойынша мақта талшығы 6 трлн. сум, цемент - 4 трлн, ұн - 1 трлн, полиэтилен - 930 млрд, өсімдік майы - 893 млрд, сұйытылған газ - 440 млрд. сумды құраған болса, жалпы сатылған тауар бағасы 130 млн АҚШ долларын құраған. Бұл 2018 жылға қарағанда 5,7 пайызға асқан.

Биылдан бастап мақта экспорты тоқтатылып, өнімді ел ішінде толық өңдеу жүйесі қалыптасады. Соның есебінен дайын өнім экспортын арттырады.

6 965
ӨзА